Варианты зачисления на курс

Қазақстанның туристік ресурстары
Туризм и сервис
Рахметова С.Р. - магистр, сеньор-лектор, 1 Қазақстанның туристік ресурстары ЖАОК сипаттамасы. Оқыту мақсаты: 1.1 Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру туралы нақты білімдерін қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнде аумақтың туристік-рекреациялық әлеуеті, туризмді дамытудың ұлттық және аймақтық ерекшеліктері, халықаралық және ішкі туризм дамитын жекелеген аймақтардың рекреациялық ресурстарының сипаттамаларын бағалау қарастырылады. 1.2 Оқыту міндеттері: - ҚР-да туризмді дамыту туралы жалпы білім мен ақпаратқа ие болу; - туризмнің қоршаған ортаға әсерін талдау және теріс әсерді азайту шараларын әзірлеу; - туризмді ұйымдастыру процесінде жергілікті қауымдастықтармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары; - Қазақстанның барлық туристік ресурстарын және олардың орналасқан жерін білу 1.3 Пәнді оқыту нәтижелері: Қазақстан аймақтарының ішкі және халықаралық туризмді дамыту әлеуетін ескере отырып, туристік-рекреациялық ресурстарын бағалайды. 1.4. Курстың постреквизиттері Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы. 1.5. МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: туризм географиясы, туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау, туристік аудандастыру, экскурсиялық қызметті ұйымдастыру, туризмді жоспарлау және дамыту, туристік маркетинг, туристік менеджмент, туризм инфрақұрылымы, халықаралық туризм және туристік жобаларды әзірлеу. Сонымен қатар бұл пән Қазақстанның табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық туристік ресурстарын талдау, оларды тиімді пайдалану және туристік қызметті ұйымдастыру саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға негіз болады.. 4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5 5. Курсты оқыту деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.