Варианты зачисления на курс

Турагенттер мен туроператорлардың қызметі.
Туризм и сервис
Рахметова С.Р. - магистр, сеньор-лектор, 1 Турагенттер мен туроператорлардың қызметі ЖАОК сипаттамасы. Оқыту мақсаты: Пәннің мақсаты білім алушыларды Туризмдегі туроператорлық және турагенттік қызметті дамытудың негізгі бағыттарымен таныстыру болып табылады. Пәннің мазмұны туристік индустрияның ұйымдастырушылық негіздері және туроператорлардың, турагенттердің қызметін ұйымдастыру технологиялары; Қазақстандағы ішкі, кіру және шығу туризміндегі туристік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылады. Оқыту міндеттері: - туристік нарықтың құрылымын зерттеу; - турагенттер мен туроператорлардың функцияларын анықтау; - туроператорлық қызмет технологиясын пайдалану; - туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеу. 1.1 Пәнді оқыту нәтижелері: Қазақстандағы ішкі, келу және шығу туризмінің ерекшеліктерін ескере отырып, туроператорлық және турагенттік қызметті ұйымдастыру технологияларын қолданады. 1.4. Курстың постреквизиттері: Туристік қызметтердің сапасын басқару 1.5. МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: туристік өнімді қалыптастыру технологиясы, туризмдегі маркетинг, туризмдегі менеджмент, туристік қызметті ұйымдастыру, туристік кәсіпкерлік, халықаралық туризм, қонақжайлылық индустриясы, туристік қызметті құқықтық реттеу, туризмдегі ақпараттық технологиялар және туристік жобаларды басқару. Сонымен қатар бұл пән туроператорлар мен турагенттердің қызметін ұйымдастыру, туристік өнімді әзірлеу және өткізу, туристерге қызмет көрсету, серіктестік қатынастарды қалыптастыру, туристік нарықты талдау және туристік кәсіпорындардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға негіз болады. 4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5 5. Курсты оқыту деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.