Варианты зачисления на курс
Саяхаттану
Туризм и сервис
Рахметова С.Р. - магистр, сеньор-лектор.
1 Саяхаттану ЖАОК сипаттамасы.
Оқыту мақсаты:
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты экскурсияларды дайындау және өткізу әдістемесін игеру, Қазақстандағы экскурсиялық қызметтің ерекшеліктерін, оның даму шарттары мен перспективаларын зерделеу болып табылады. Бұл пәнде гид-экскурсоводтың функциялары, экскурсиялық мәтіндерді құрастыру, объектілерді таңдау және экскурсиялық кәсіпорындардың жұмыс ерекшеліктері, Қазақстанда экскурсиялық істі дамыту және оның болашағы қарастырылады.
1.2 Оқыту міндеттері:
- білім алушаларды экскурсиялық мәтіндерді құрастыру әдістемесімен, түрлі экскурсиялар жүргізу әдістемесімен таныстыру;
- әдістемелік, өлкетану, тарихи және т. б. әдебиеттерді таңдау және пайдалану мүмкіндігі;
- экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерімен таныстыру;
- экскурсия жүргізу техникасы бойынша терең білім беру;
- жеке мәтіндер мен технологиялық карталарды іс жүзінде құрастыруға үйрету;
- экскурсиялық объектілерді іріктеу және зерделеу, көрсетудің әдістемелік тәсілдерін анықтау
объектілер және оларды экскурсиялық талдау;
- Қазақстанда экскурсиялық істі насихаттау
1.3. Пәнді оқыту нәтижелері:
Гидтің функцияларын және Қазақстандағы экскурсиялық қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсияларды дайындау мен өткізудің әдістемесін қолданады.
1.4. Курстың постреквизиттері: Туристік бизнесті жоспарлау
1.5. МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: туризм географиясы, туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау, туристік аудандастыру, экскурсиялық қызметті ұйымдастыру, туристік маркетинг, туристік менеджмент, туристік логистика, халықаралық туризм, туроператорлық және турагенттік қызметті ұйымдастыру, туристік маршруттарды жобалау және туристік өнімді қалыптастыру. Сонымен қатар бұл пән саяхаттың теориялық негіздерін, саяхат түрлерін, туристік қозғалыстың ерекшеліктерін, туристік кеңістікті игеру үрдістерін және саяхат мәдениетін зерттеу арқылы білім алушылардың туризм саласында кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға негіз болады. Пән аясында алынған білімдер туристік қызметті ұйымдастыру, туристік бағыттарды әзірлеу, туристердің қажеттіліктерін талдау және туристік индустрияның даму үрдістерін бағалау салаларында тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5
5. Курсты оқыту деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.