Варианты зачисления на курс

Шаруашылық қызметті талдау
Экономика и управление
Кунанбаева К.Б. – сеньор-лектор. 1. ЖАОК сипаттамасы. Курс шаруашылық қызметті талдаудың теориялық және әдістемелік негіздерін, кәсіпорынның өндірістік, қаржылық және экономикалық қызметін кешенді бағалау әдістерін қарастырады. Пән аясында кәсіпорын қызметінің нәтижелерін талдау, ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау, қаржылық тұрақтылық пен рентабельділікті анықтау тәсілдері зерттеледі. Іскерлік ортада кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған экономикалық көрсеткіштерді талдау жүргізіледі және оларды жақсарту жолдары ұсынылады. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау дағдылары қалыптастырылады. Курс шеңберінде кәсіпорынның табыстылығы, шығындары, еңбек өнімділігі, негізгі және айналым капиталының тиімділігі бағаланады. Сонымен қатар, цифрлық экономика жағдайында талдау әдістерін қолдану, экономикалық деректерді өңдеу және стратегиялық шешімдер қабылдау мәселелері қарастырылады. 1.1 Оқыту мақсаты: Білім алушыларға шаруашылық қызметті талдаудың теориялық негіздері мен заманауи әдістерін меңгерту, кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау дағдыларын қалыптастыру, экономикалық көрсеткіштер негізінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға үйрету. 1.2. Оқыту міндеттері: • шаруашылық қызметті талдаудың теориялық негіздері мен негізгі ұғымдарын меңгерту; • кәсіпорынның өндірістік, қаржылық және экономикалық көрсеткіштерін талдау әдістерін түсіндіру; • ресурстарды тиімді пайдалану және шығындарды оңтайландыру жолдарын үйрету; • еңбек ресурстары, негізгі құралдар және айналым қаражаттарының тиімділігін бағалау дағдыларын дамыту; • кәсіпорынның табыстылығы, рентабельділігі және қаржылық тұрақтылығын талдауды меңгерту; • басқарушылық шешімдер қабылдауда экономикалық талдауды қолдануды үйрету; • цифрлық трансформация жағдайында экономикалық деректерді талдау қабілетін дамыту; • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдыларын қалыптастыру; • білім алушылардың сыни ойлауын, аналитикалық қабілеттерін және кәсіби құзыреттілігін дамыту. 1.3. Оқыту нәтижелері: Білім алушы: кәсіпорынның шаруашылық қызметін кешенді талдауға, экономикалық көрсеткіштерді бағалауға, ресурстарды пайдалану тиімділігін анықтауға, қаржылық жағдайды талдауға, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін талдау нәтижелерін қолдануға, сондай-ақ кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қабілетті болады. 2. Пререквизит: Микроэкономика, Кәсіпорын экономикасы. 3. Постреквизит: Өндірістік менеджмент, Стратегиялық жоспарлау. 4. Академиялық кредиттер саны - 5 5. Курстың қиындық деңгейі: орташа.
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.