Варианты зачисления на курс
Мемлекеттік және өңірлік басқару жүйесіндегі экономикалық болжау және әлеуметтік жобалау (ЖИ қолдану арқылы)
Экономика и управление
Нурпейсова Асем Зейтеновна, магистр, сеньор-лектор
Саржанова Аягоз Сериковна, магистр, ассистент,
1.1 ЖАОК сипаттамалары: бұл үлкен деректерді жинау мен талдаудың, әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалаудың, басқарудың негізделген шешімдерін әзірлеудің және басқару процестерін оңтайландырудың заманауи әдістерін қамтиды. Мемлекеттік және өңірлік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін дағдылар қалыптастырылады.
1.2 Оқудың мақсаты: білім алушылардың жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, экономикалық болжау және әлеуметтік жобалау саласындағы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
1.3 Оқудың міндеттері:
- Мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде тиімді және инновациялық басқару үшін жасанды интеллектті қолдана отырып, заманауи технологиялар мен алгоритмдерді қоса алғанда, экономикалық болжау мен әлеуметтік жобалаудың әдістері мен құралдарын терең түсінуді қамтамасыз ету.
- Жасанды интеллект көмегімен әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және модельдеу дағдыларын дамыту, бұл студенттерге даму стратегиялары мен бағдарламаларын жоспарлау кезінде болжамды сценарийлер мен оңтайлы шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.
- Мемлекеттік және өңірлік жобаларды, сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеу, іске асыру және бағалау процесінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін енгізу және пайдалану бойынша құзыреттерді қалыптастыру.
- Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және басқару шешімдерін оңтайландыру мақсатында болжамды модельдер мен талдамалық қорытындыларға негізделген әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалау дағдыларын оқыту.
1.4 Оқу нәтижелері:
Жасанды интеллектті экономикалық және әлеуметтік болжауда тиімді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті құрылымдардағы әлеуметтік жобалау процестерін оңтайландыру үшін қажетті білім мен дағдыларды алады.
1. Пререквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Әлеуметтік саладағы мемлекеттік реттеу
2. Постреквизиттері: Жобаларды басқару
3. Академиялық кредиттер саны-5
4. Курстың қиындық деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.