Варианты зачисления на курс
Астықты қайта өндеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары
Технология и стандартизация
Мухамбеталина Д.Ж. т.ғ.к, ассистент-профессор,
ЖАОК сипаттамасы:
1.1.Курс мақсаты: пәннің мақсаты астық қабылдау элеваторларын, астық өңдеу өнімдерінің қоймаларын, базистік және ауыстырып тиеу, өндірістік, порт элеваторлары мен өткізу базаларын технологиялық жабдықтау бойынша білімді игеру. Оқу барысында студенттер элеватор өнеркәсібі кәсіпорындарының және олардың шаруашылықтарының кірме жолдарының мәселелерін зерттейді. Технологиялық жабдықтың жұмысын талдау, астықты өңдеу және оны сақтау міндеттерін оңтайлы орындауды қамтамасыз ететін оның құрылымдық схемаларын әзірлеу дағдыларына ие болады
1.2.Курстың міндеттері: Астықты қайта өңдеу кәсіпорындарында қолданылатын технологиялық жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принциптерін меңгерту; астықты қабылдау, тазалау, кептіру, сақтау және өңдеу үдерістеріндегі жабдықтардың қызметін оқып үйрету; технологиялық жабдықтарды тиімді пайдалану және техникалық қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру; өндірістік үдерістерді механикаландыру мен автоматтандырудың заманауи құралдарымен таныстыру.
1.3.Пәнді оқыту нәтижелері: Астық өңдеу өнеркәсібінің технологиялық жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принциптерін талдау, астықты өңдеудің әртүрлі кезеңдері үшін оңтайлы машиналар мен механизмдерді таңдау, жабдықтың негізгі параметрлерін есептеу, оның тиімді жұмыс істеуі мен техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи автоматтандыру және бақылау әдістерін қолдану.
1.4.Пререквизиттері: Теориялық және қолданбалы механика, Жылу техникасы
1.5. Постреквизиттері: Ұн тарту кәсіпорындарын жобалау, Астық өңдеу өндірістерінің кәсіпорындарын жобалау, Қайта өңдеу кәсіпорындарын жобалау, Нан және кондитерлік кәсіпорындарды жобалау
Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит
Курстың күрделілік деңгейі: орташа
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.