Варианты зачисления на курс

Электротехника -қазақ тілінде
Технология и стандартизация
Cмакова Нургуль Сериковна – PhD, ассистент профессор, Рыскалиева Б.Ж. - ассистент, 1. ЖАОК сипаттамасы 1.1 Оқу мақсаты: Пәннің мақсаты – электротехника заңдарының негізгі білімдерін қалыптастыру және электр тізбектері мен электр жүйелерінің жұмыс істеуінің жалпы заңдылықтарын меңгерту. 1.2 Студенттер электр тізбектерін талдау, тұрақты және айнымалы ток процестерін зерттеу, электр энергиясының таралуы мен түрленуін түсіну дағдыларына ие болады. Сонымен қатар, электр тізбектерін модельдеу және есептеу әдістерін қолдана отырып, өндірістік жабдықтардағы электр жүйелерін талдау, модельдеу және тиімді шешім қабылдау қабілеттерін меңгереді. Пән аясында Workbench бағдарламасы арқылы электр сұлбаларын құру, модельдеу және алынған нәтижелерді талдау дағдылары қалыптастырылады. 1.3 Пәнді оқудың міндеттері: Электротехника заңдары мен негізгі ұғымдары туралы фундаменталды білімдерді қалыптастыру; Электр тізбектерін есептеу және талдау әдістерін меңгерту; Абстрактылы ойлау және электрлік процестерді математикалық модельдеу дағдыларын дамыту; Тұрақты және айнымалы ток тізбектерін зерттеу; Электр машиналары мен құрылғыларының жұмыс принциптерін түсіндіру; Workbench бағдарламасында электр сұлбаларын құру және талдау дағдыларын қалыптастыру; Инженерлік есептерді шешуде электротехникалық білімді қолдану; Арнайы пәндерді (электр жетектері, автоматтандыру) меңгеруге негіз қалыптастыру. 1.4 Пәнді меңгеру нәтижелері: Студенттер: электр тізбектерінің негізгі заңдарын (Ом, Кирхгоф) қолдана алады; тұрақты және айнымалы ток тізбектерін есептеп, талдай алады; электр шамаларын өлшеу және бағалау дағдыларын меңгереді; электр машиналары мен жабдықтарының жұмыс принциптерін түсіндіреді; Workbench бағдарламасында электр сұлбаларын құрып, модельдей алады; электр жүйелерінің параметрлерін есептеу және талдау қабілетіне ие болады; өндірістік жабдықтарда қолданылатын электр жүйелерін таңдай және негіздей алады; теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, инженерлік есептерді шешеді. 1.5 Пререквизиттер: Физика, Инженерлік және инженерлік графика 1.6 Постреквизиттер: Материалдардың беріктігі, Механизмдер мен машиналар теориясы, Машина жасау технологиясы. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орташа және жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.