Варианты зачисления на курс

Материалдар кедергісі
Технология и стандартизация
Мухамбеталина Д.Ж. т.ғ.к, ассистент-профессор, ЖАОК сипаттамасы: 1.1.Курс мақсаты: Пәннің мақсаты инженерлік конструкцияларды әзірлеу барысында машиналар бөлшектері мен олардың элементтерін есептеу әдістерін меңгеру және қолдану болып табылады. Білім алушылар механикалық жүйелердің тепе-теңдігі мен қозғалысын зерттеу әдістерінің базалық дағдыларын, сондай-ақ өндірістік міндеттерді талдауға, модельдеуге және шешуге мүмкіндік беретін есептеу сұлбаларын құрудың механикалық принциптерін меңгереді. 1.2.Курстың міндеттері: 1. жүктемелер әсерінен материалдар мен конструкция элементтерінің мінез-құлқын зерттеу; 2. кернеулерді, деформацияларды және орын ауыстыруларды анықтау; 3. элементтердің беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын бағалау; 4. конструкциялардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлшектердің өлшемдері мен пішінін таңдау; 5. практикалық қолдануға арналған инженерлік есептеулер дағдыларын қалыптастыру. 1.3.Пәнді оқыту нәтижелері: Әртүрлі деформация түрлері кезінде конструкция элементтері мен машина бөлшектерінің беріктігіне, қаттылығына және орнықтылығына тексеру және жобалау есептеулерін орындайды. 1.4.Пререквизиттері: Жоғары математика, Физика, Теориялық және қолданбалы механика 1.5. Постреквизиттері: Машина жасау технологиясы, Технологиялық машиналарды жөндеу Академиялық кредиттердің саны/ЖАОК ұзақтығы – 5 кредит Курстың күрделілік деңгейі: орташа, күрделі
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.