Варианты зачисления на курс

Материалтану
Технология и стандартизация
Cмакова Нургуль Сериковна – PhD, ассистент профессор, 1. ЖАОК сипаттамасы 1.1 Оқу мақсаты: Пән материалдардың құрылымы мен қасиеттерін, олардың жіктелуін, физика-механикалық сипаттамаларын, өңдеу және қолдану салаларын қарастырады. Студенттер металдар, полимерлер, керамика және композициялық материалдар жайлы теориялық білім алып, олардың құрылымы мен қасиеттерін тәжірибелік тұрғыда зерттейді. Сонымен қатар, заманауи материалдарды талдау әдістері мен инженерлік есептерде материал таңдаудың негізгі қағидаттарымен танысады. 1.3 Пәнді оқыту мақсаты: Студенттерде материалдардың түрлері, құрылымы мен қасиеттері туралы жүйелі білім қалыптастыру, оларды машинажасау және технологиялық процестерде дұрыс таңдап, қолдану дағдыларын үйрету. 1.4 Пәнді оқыту міндеттері: 1. Студенттерді материалдардың негізгі түрлерімен және олардың қасиеттерімен таныстыру. 2. Металдардың, полимерлердің, керамиканың және композиттердің құрылымы мен қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру. 3. Материалдардың беріктігін, қаттылығын, тозуға төзімділігін және басқа да қасиеттерін анықтау әдістерін үйрету. 4. Өндірісте қолданылатын заманауи материалдар мен технологиялық үрдістерді көрсету. 5. Инженерлік есептерде материалдарды дұрыс таңдау принциптерін қалыптастыру. 1.5 Пәнді оқыту нәтижелері: Пәнді оқу нәтижесінде студенттер: • материалдардың құрылымы мен қасиеттерін түсінеді; • әртүрлі материалдарды салыстырып, инженерлік міндеттер үшін ең тиімдісін таңдай алады; • материалдардың механикалық қасиеттерін анықтау әдістерін меңгереді; • заманауи өндірістік процестерде қолданылатын материалдар туралы білім алады; • теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, нақты инженерлік есептерді шешуге қабілетті болады. 1.6 Пререквизиттер: Физика, жалпы химия 1.7 Постреквизиттер: Материалдар кедергісі, Механизмдер мен машиналар теориясы, Машина жасау технологиясы. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы Курстың күрделілік деңгейі: бастауыш, орташа және жоғары
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.