Варианты зачисления на курс
Мұнай-газ саласындағы ғылыми зерттеу жұмысының негіздері
Химия, химическая технология и экология
Жумабекова Арай Керимакыновна – х.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
1. ЖАОК сипаттамасы: Пән білім алушыларда мұнай-газ саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар ғылыми ізденістің негізгі қағидаттарын, зерттеулерді жоспарлау және жүргізу әдістерін, деректерді өңдеудің, оларды визуализациялау мен түсіндірудің заманауи тәсілдерін зерделейді; эксперименттердің нәтижелеріне талдау жүргізеді; ғылыми зерттеулерді өз бетінше орындау, есептер, жарияланымдар мен ғылыми баяндамалар дайындау үшін қажетті құзыреттерге ие болады.
Мақсаты: "Мұнай-газ саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері" пәнін игерудің мақсаты технологияларды жобалау және әзірлеу барысында ғылыми зерттеулер, теориялық және эксперименттік әдістер үшін білімді қалыптастыру болып табылады.
Оқу міндеттері:
1) ғылыми-техникалық ақпаратты өңдеу тәсілдерімен танысу;
2) ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу әдістерін, сондай-ақ олардың нәтижелерін өңдеу және талдау әдістерін игеру;
3) зерттеу нәтижелерін ресімдеу және ұсыну әдістемесін меңгеру.
Оқу нәтижелері: Ғылыми зерттеулердің негіздерін, оны ұйымдастыру кезеңдерін және алынған мәліметтерді өңдеу әдістерін, эксперименттік және теориялық зерттеулерді талдау алгоритмдерін біледі; заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, жүйелеу және түсіндіру әдістерін қолданады; ғылыми-зерттеу нәтижелерін баяндамалар, презентациялар және жарияланымдар түрінде ұсынады, технологиялық процестерді оңтайландыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлей алады.
2 Пререквизиттер: «Мұнай-газ саласы негіздері», «Мұнай-газ өндіру технологиясының негіздері».
3. Постреквизит: Қорытынды аттестаттау.
2 Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы; 3
5 Курстың қиындық деңгейі: орта
Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.