About the course
Джангельдина Д.И. п.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
Джангельдина Н.Н. магистр, ассистент,
1. «Сакралды туризм» ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқыту мақсаты: Пән сакралды туризмді ұйымдастыру негіздерін меңгеруге және тарихи-мәдени саяхаттар саласында мамандар даярлауға бағытталған. Мазмұны рухани-экологиялық маршруттарды, сакралды объектілерді, діни ғибадат нысандарын, археологиялық ескерткіштерді, оларды туристік қызметте және мәдени-ағартушылық жұмыста пайдалану ерекшеліктерін қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы туристік қызметте сакралды объектілерді талдайды.
1.2 Оқыту міндеттері
- 1) білім алушыларды сакралды туризмнің теориялық негіздерімен, тарихи-мәдени мұрамен, сакралды нысандармен және Қазақстанның сакралды туристік ресурстарымен таныстыру;
- 2) тарихи-мәдени, діни, археологиялық және табиғи сакралды нысандардың ерекшеліктерін талдауға және олардың туристік әлеуетін бағалауға үйрету;
- 3) сакралды туристік ресурстарды талдау, сакралды туристік маршруттарды әзірлеу және экскурсиялық материалдарды дайындау дағдыларын қалыптастыру.
1.3 Пәнді оқыту нәтижелері:
Мәдени және білім беру іс-шаралары үшін рухани және мәдени нысандарға негізделген сакралды туризм маршруттарын әзірлейді.
2. Курстың пререквизиттері Осы МООК - ты игеру үшін келесі курстарды оқып-үйрену кезінде алған білім, білік және дағдылар қажет: Мектеп бағдарламасы
3. Курстың постреквизиттері МООК-ты үйрену кезінде алынған білім, дағдылар мен дағдылар келесі курстарды игеру үшін қажет: Дүниежүзілік туристік аймақтар
4. Академиялық кредиттер саны / ЖАОК ұзақтығы - 5
5. Курсты оқыту деңгейі: орташа