О курсе
Жанабай Айбек Аманбекұлы – магистр, сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқытудың мақсаты: Пәнді оқу мақсаты келесі негізгі міндеттерді шешу болып табылады: туристік индустриядағы ұйымдастыру қызметінің әдістемесін меңгеру; негізгі категорияларды әзірлеу және MICE туризмін ұйымдастыруды реттеу; кәсіпкерлік қызметті әзірлеу, таңдау және жүзеге асыру процестерін басқару және олардың тиімділігін бағалау дағдыларын меңгеру; MICE туризмін басқару әдістері мен құралдарын меңгеру.
1.2 Оқытудың міндеттері:
- MICE туризмнің мәні мен салалық рөлін ашу, мақсатты нарықты айқындау және позициялау тәсілдерін түсіндіру;
- MICE сегментінде зерттеу әдістерін меңгерту, сұраныс пен ұсынысты талдау, нарықты сегментациялау және халықаралық тәжірибені бейімдеу тәсілдерін үйрету;
- Іс-шараларды ұйымдастыруға арналған жоспар құру, шешім қабылдау, маркетинг құралдарын қолдану және жобаларды ілгерілету дағдыларын дамыту.
2. Оқыту нәтижелері: Іскерлік кездесулерді, әртүрлі корпоративтік іс-шараларды және келіссөздерді ұйымдастырады.
3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Туризмдегі кәсіби этика.
4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Мәдени туризм.
5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.
6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.