About the course
Жұбатқан Жанбота Сұлтанқызы – магистр, сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқытудың мақсаты: «Туризмдегі персонал менеджменті» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерге туризм индустриясындағы адам ресурстарын тиімді басқарудың теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгерту, туристік ұйымдарда персоналды жоспарлау, іріктеу, бейімдеу, оқыту, бағалау, ынталандыру және кәсіби дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар студенттердің көшбасшылық, командалық жұмыс, коммуникация, қақтығыстарды басқару және заманауи HR-технологияларды қолдану құзыреттерін дамыту арқылы туристік кәсіпорындардың қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға қажетті кәсіби қабілеттерін қалыптастыру.
1.2 Оқытудың міндеттері:
Туризмдегі персонал менеджментінің негізгі теориялық негіздерін меңгерту;
Туристік кәсіпорындардағы персоналдың рөлі мен құрылымын түсіндіру;
Персоналды жоспарлау, іріктеу және жұмысқа қабылдау әдістерін меңгерту;
Қызметкерлерді бейімдеу, оқыту және кәсіби дамыту дағдыларын қалыптастыру;
Персоналды бағалау, ынталандыру және марапаттау тәсілдерін үйрету;
1.1 2. Оқыту нәтижелері: туристік сектордағы адам ресурстарын басқару әдістерін
бағалайды.
3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Туризм саласындағы құқықтық негіздер
4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Туристік бизнестегі халықаралық брондау және резервтеу жүйелері
5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.
6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.