About the course
Жұбатқан Жанбота Сұлтанқызы – магистр, сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқытудың мақсаты: «Банкеттер мен қабылдауларды ұйымдастыру» пәнінің мақсаты – білім алушыларда банкеттер мен қабылдауларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері туралы теориялық білім қалыптастыру, қызмет көрсету технологияларын меңгерту және қонақжайлылық индустриясында сапалы банкет қызметін ұйымдастыруға қажетті практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді дамыту.
1.2 Оқытудың міндеттері:
Негізгі ұғымдарымен, түрлерімен, жіктелуімен және ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру;
Жоспарлау және өткізу кезеңдерін, мәзір әзірлеу,тағамдар мен сусындарды таңдау және ұсыну технологияларын меңгерту;
Банкет залын дайындау, үстелдерді орналастыру, сервировка жасау, безендіру және қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
Ресми, іскерлік, дипломатиялық және мерекелік қабылдауларды ұйымдастыру ерекшеліктерін, этикет нормалары мен кәсіби қызмет көрсету мәдениетін меңгерту.
2. Оқыту нәтижелері: Салтанатты іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін қолданады, банкеттерді, қабылдауларды, фуршеттерді және кейтерингтік қызметтерді дайындау мен өткізудің практикалық дағдыларын пайдаланады, сервистің жоғары деңгейдегі стандарттарын, сондай-ақ қонақтар үшін жайлы және есте қаларлық атмосфера жасау техникасын қолданады.
3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Мейрамхана және мейманханада қызмет көрсету технологиясы.
4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Қызмет көрсету саласындағы логистика.
5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.
6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.