О курсе
Меруерт Төлеміс – магистр, сеньор-лектор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқытудың мақсаты: Пән халықаралық туристік қызметті ұйымдастыру бойынша базалық білімдерді қалыптастыруға және туристік қызметтің негізгі технологияларын меңгеруге бағытталады. Пәннің мазмұны туризмді ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы алған білімдерін тәжірибеде қолдану және туризм саласындағы кәсіби терминологияны пайдалану дағдыларын игереді. Пәннің мақсаты – халықаралық туристік қызметті ұйымдастыру туралы базалық білім мен түсініктерді қалыптастыру, туристік қызметті ұйымдастыру технологияларын ашып көрсету, білім алушыларды туризмді және туристік қызметті ұйымдастырудың іргелі негіздері мен ерекшеліктерімен таныстыру. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы алған білімдерін практикада қолданады және кәсіби терминологияны меңгереді
1.2 Оқытудың міндеттері:
білім алушыларды халықаралық туристік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерімен, туризмнің іргелі ерекшеліктерімен және әртүрлі елдердегі оның даму бағыттарымен таныстыру;
туристік қызметті ұйымдастыру технологияларын, басқару және бақылау әдістерін меңгерту, кәсіби терминологияны игерту;
алынған білімді халықаралық деңгейде туризмді ұйымдастыру және басқару барысында практикалық тұрғыдан қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқыту нәтижелері: Халықаралық деңгейде туристік қызметтерді ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін қолдана отырып, туристік нарықтың ұйымдастырылу ерекшеліктері мен құрылымын сипаттайды.
3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Әлемдік туризм индустриясы .
4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Туристік бизнесті халықаралық реттеу.
5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.
6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.