Описание

О курсе

Меруерт Төлеміс – магистр, сеньор-лектор,

1. ЖАОК сипаттамасы

1.1 Оқытудың мақсаты: Пән экологиялық туризмнің негіздерін және табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың қағидаларын меңгеруге бағытталған. Мазмұны экологиялық туризмнің ерекшеліктерін, табиғи аумақтарды, жергілікті қауымдастықтардың мәдени дәстүрлерін, этнографиялық және тарихи нысандарды, табиғи ландшафтарды сақтау қағидаларын, экологиялық маршруттарды ұйымдастыру әдістерін қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы экотурлар мен туристік дестинациялардың тұжырымдамаларын әзірлейді.

Курстың мақсаты – турист баратын өңірдің табиғатымен танысу, оның мәдениеті мен этнографиясын, археологиялық және тарихи нысандарын зерттеу. Бұл пәнде антропогендік әсерге ұшырамаған табиғи аумақтарға баруды көздейтін туризм бағыты зерттеледі. Экотуризмнің негізгі міндеті – бірегей табиғи ландшафттарды бастапқы қалпында сақтау және білім алушылардың табиғатқа ұқыпты әрі жауапты қарым-қатынасын қалыптастыру.

1.2 Оқытудың міндеттері:

 білім алушыларды экологиялық туризмнің мәні мен қағидаларымен, антропогендік әсері минималды аумақтардың ерекшеліктерімен, табиғи ландшафттармен, сондай-ақ туристер баратын өңірлердің мәдени, этнографиялық және тарихи-археологиялық нысандарымен таныстыру.

 экологиялық турлар мен маршруттарды әзірлеу әдістерін қолдануға үйрету, табиғи кешендерді сақтау талаптарын ескеру, биоалуантүрлілік, қалдықтарды басқару, энергия тиімділігі, сондай-ақ табиғи және мәдени көрікті нысандарды қорғау туралы білімді туристік маршруттарды әзірлеу барысында біріктіру.

 білім алушылардың экологиялық жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып экологиялық маршруттарды жоспарлау және ұйымдастыру қабілетін дамыту, сондай-ақ экологиялық мәдениет пен экотуризм саласындағы кәсіби құзыреттерін қалыптастыру.

2. Оқыту нәтижелері: Табиғатты қорғау және тұрақты даму қағидаларын ескере отырып, экологиялық туристік маршруттарды әзірлейді

3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Қазақстанның туристік ресурстары.

4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Турлар мен маршруттарды құру технологиялары.

5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.

6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.