About the course
Кусаинов Халел Хаймуллиевич – э. ғ.д., профессор,
1. ЖАОК сипаттамасы
1.1 Оқытудың мақсаты: Пән қазіргі нарықтық экономика жағдайында санаторий-курорттық бизнесті ұйымдастыру негіздерін меңгеруге бағытталған. Мазмұны санаторий-курорттық қызмет көрсету жүйесін, емдеу мен демалысты ұйымдастыруды, курорттық қызметтің ресурстық қамтамасыз етілуін, санаторий-курорттық өнімді қалыптастыру ерекшеліктерін, курорттық саланы дамытудың инновациялық үдерістерін, санаторий-курорттық ұйымдарды дамытудың инвестициялық механизмдерін қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы санаторий-курорттық қызмет түрлерін және емдеу мен демалысты ұйымдастыру ерекшеліктерін жіктейді.
1.2 Оқытудың міндеттері:
санаторлық-курорттық қызметтің теориялық негіздерін, олардың құрылымын, құқықтық реттелуін және ресурстық базасын зерттеу;
санаторлық-курорттық қызметтерді ұйымдастыру, басқару, жылжыту және сапасын қамтамасыз ету бойынша практикалық дағдыларды дамыту;
курорттық-сауықтыру секторының тиімділігін, тәуекелдерін және даму перспективаларын бағалауда кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.
2. Оқыту нәтижелері: Санаторлы-курорттық қызметтерді ұйымдастыру қағидаларын және санаторлы-курорт өнімінің құрылымын талдайды.
3. Пререквизиттер: осы ЖАОК меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында алынған білім, білік және дағдылар қажет: Туристік бизнесті жоспарлау.
4. Постреквизиттер: ЖАОК оқу нәтижесінде алынған білім, білік және дағдылар келесі пәнді меңгеру үшін қажет: Турлар мен маршруттарды құру технологиялары.
5. Академиялық кредиттер саны / МООК ұзақтығы: 5 академиялық кредит.
6. Курстың күрделілік деңгейі: орташа.