Сипаттама

Курс туралы

Муканова Б.Ш. сеньор - лектор, магистр,

ЖАОК сипаттамасы Пән кадрлардың сапалы туристік қызметті қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіруге, сондай-ақ туристік салада адам ресурстарын басқару бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталады. Пәннің мазмұны сапаны басқару жүйесін қолдану, персоналды бейімдеу және мотивациялау әдістері, сондай-ақ тимбилдинг арқылы коммуникация ұйымдастыруды қамтиды. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы персоналды тиімді басқару және туристік ұйымдарда жоғары деңгейдегі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады.

Пәннің мақсаты- Туризм саласында адам ресурстарын тиімді басқарудың негізгі қағидаларын меңгерту және қызметкерлердің кәсіби әлеуетін пайдалану арқылы туристерге көрсетілетін қызмет сапасы мен ұйымның нәтижелілігін арттыру жолдарын түсіндіру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

­ Туризм саласындағы адам ресурстарын басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерін меңгерту.

­ Қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу, оқыту, ынталандыру және кәсіби дамытуды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

­ Қызметкерлердің еңбек нәтижелілігін арттыру және олардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану арқылы туристік қызмет көрсету сапасын жетілдіру жолдарын үйрету.

Оқыту нәтижелері:

Туристік индустрияда кәсіби кадрларды іріктейді.

1.5. Курстың пререквезиті Туризм менеджменті

1.6. Курстың постреквезиті Қорытынды аттестаттау

Кредит саны 5